Шығыс Қазақстандағы құтқару операциясына Илон Маск назар аударды

Шығыс Қазақстандағы құтқару операциясына Илон Маск назар аударды

Илон Маск Шығыс Қазақстан облысында қар құрсауында қалған бес адамды құтқару операциясы туралы бейнежазбаны X әлеуметтік желісінде жариялады. Ол жазбасында Starlink спутниктік байланысының адамдарды құтқарудағы рөлін атап өтті, деп жазады Democrat.kz⁠.

Оқиға қазан айында Күршім ауданында болған. Жол талғамайтын көлігі бұзылған бес адам байланыс жоқ жерде қалып қойған.

Олар Starlink арқылы көмек сұрап, құтқарушыларға өздерінің орналасқан жері туралы белгі берген. Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері арнайы көлікпен шамамен 100 шақырым жүріп өтіп, азаматтарды қауіпсіз жерге жеткізген.

Оқиға шалғай өңірлерде спутниктік байланыстың маңызын көрсетті. Әсіресе ұялы байланыс ұстамайтын аумақтарда мұндай технология төтенше жағдай кезінде шешуші рөл атқаруы мүмкін. 

Барлық жаңалықтар