Қазақстанда жолдардың нашар жағдайына байланысты төрт қылмыстық іс тергеліп жатыр

Қазақстанда жолдардың нашар жағдайына байланысты төрт қылмыстық іс тергеліп жатыр

Қазақстанда жолдарды талапқа сай күтіп ұстамау фактілері бойынша төрт қылмыстық іс тергелуде. Жыл басынан бері жол жағдайына жауапты бес мың лауазымды тұлға әкімшілік жауапқа тартылған, деп жазады Democrat.kz.

Ішкі істер министрі Ержан Саденовтың айтуынша, полиция жолдардың жағдайын күн сайын тексеріп, анықталған кемшіліктер бойынша әкімдіктер мен жауапты ұйымдарға нұсқама береді.

Жыл басынан бері бес мың лауазымды тұлғаға шара қолданылған.

Олардың арасында аудан және ауыл әкімдеріне қатысты 487 әкімшілік шара бар.

«ҚазАвтоЖол» филиалдарының басшылығына қатысты 345 шара қабылданған.

Сонымен бірге жолдарды тиісінше күтіп ұстамау деректері бойынша төрт қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Министр ауыр салдарға әкелген жағдайларда облыстық деңгейдегі басшылардың да жауапкершілігі қарастырылуы мүмкін екенін айтты. 

Барлық жаңалықтар