Қазақстандағы ең табысты компания 1,8 трлн теңге пайда тапты

Қазақстандағы ең табысты компания 1,8 трлн теңге пайда тапты

Қашаған кен орнын игеретін NCOC консорциумының 2025 жылғы есептік таза пайдасы шамамен 1,848 трлн теңгені құрады. Бұл көрсеткіш бойынша компания Қазақстандағы ең табысты ірі кәсіпорындардың көшін бастаған, деп жазады Democrat.kz.

Energy Monitor авторы Нұрлан Жұмағұлов компания акционерлерінің үлесіне сәйкес қаржылық нәтижелерін біріктіріп, Қазақстандағы ең табысты 20 кәсіпорынның рейтингін жасаған.

Оның есебі бойынша, NCOC-тың таза пайдасы 1,848 трлн теңгеге жеткен.

Салыстыру үшін, Теңіз кен орнын игеретін «Теңізшевройл» 1,13 трлн теңге пайда тапқан.

Halyk Bank-тің көрсеткіші 977 млрд теңге, Қарашығанақ операторының пайдасы 585 млрд теңге, Kaspi Bank-тің пайдасы 572 млрд теңге болған.

Бұл ретте NCOC-қа қатысты 2,356 трлн теңгелік экологиялық айыппұлды өндіріп алу жөніндегі дау жалғасып келеді. Атқарушылық өндіріс бұған дейін уақытша тоқтатылған болатын.

Сондықтан компанияның 2025 жылғы пайда көрсеткіші мен экологиялық айыппұл жөніндегі сот дауы — екі бөлек мәселе.

Барлық жаңалықтар