АҚШ, Дания және Гренландия Арктикадағы қауіпсіздық жөніндегі жаңа үшжақты келісімге келуге дайындалып жатыр. Құжат АҚШ-қа Гренландияда тағы екі әскери нысанды пайдалануға мүмкіндік бермек, бірақ Дания аралдың егемендігі өзінде қалатынын мәлімдеді, деп жазады Democrat.kz.
Reuters мәліметінше, келісімге Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында қол қою жоспарланған.
АҚШ президенті Дональд Трамп Дания премьер-министрі Метте Фредериксен және Гренландия премьер-министрі Йенс-Фредерик Нильсенмен кездеседі.
АҚШ қазір Гренландиядағы Pituffik ғарыш базасын пайдаланады.
Жаңа келісім Нуук маңындағы бұрынғы Нарсарсуак әуе базасы мен Местерсвиг ауданындағы тағы бір нысанды пайдалануға мүмкіндік беруі ықтимал.
Вашингтон үшін Гренландияның маңызы Арктикадағы әскери қауіпсіздікпен ғана шектелмейді. Арал стратегиялық географиялық орналасуымен және пайдалы қазбалар қорымен ерекшеленеді.
Дания тарапы келісім Гренландияның мәртебесін өзгертпейтінін және аралдың өзін-өзі анықтау құқығы сақталатынын мәлімдеді.