Мектептегі «рейтинг жанталасы» жас маманды жұмыссыз қалдырмасын

0
1487

Тамара Дүйсенованы енді мектептегі артық сағаттар шаршатқан сияқты. Конференцияда айтқан шығар. Қонақ болып келген соң бірдеме айту керек қой. Енді қайсысы артық? Соны анықтау керек?

Алтынсарин академиясының бір басшысы оны атап та отыр. Бұл баяғы аннан-мұннан жинақталып, қазір «Жаһандық құзіреттілік» деп аталатын сабақ. Бірақ Академия өкілі олардың қажеттілігі мектеп бітірген соң да керек болады деп отыр.

Артық сағат, бірақ керек. Түсініп көр. Ұстағышы жоқ шабадан сияқты. Алып жүру қиын, тастауға қимайсың.

Жер-жерде сағат бөлу майданы қызып жатыр қазір. 16 сағаттан артық бермейміз деген ұстаныммен басшылар жүр. Бұл өзі жылда шығатын айғай.

Қандай сиқыры бар екенін білмеймін, соңында барлығы дұрыс шешіледі. «Сауда сақал сипағанша» ма деп отырмын. Сондықтан оған көп мән де бермеймін.

Мені алаңдататыны жас педагогтардың жұмысқа орналасу мүмкіндігі. Ол мүмкіндік өте төмен. Кей жерде жоқ десе де болады. Конкурс талабы бойынша  «жирный балды» категориясы жоғары педагогтер алады.

Стажы жоқ жас маманға еш жеңілдік жоқ. Онда стаж да, категория да, тәжірибе мен жетістік те жоқ. Жұмыссыз қалатыны сөзсіз.

Тағы, категориялы мұғалім көп болса, мектептің де рейтингісі жоғары болады. Мектеп ұжымының 33 проценттен астамы сарапшы-зерттеуші-шебер болуы керек деген норма бар. Процентін ұмытып отырмын. Бірақ бар.

Осы қате ме деп отырмын. Биыл министрмен кездесуде талғарлық ұстаз осыны көтергенін өз құлағыммен естігенмін. Министр реттейміз деген. Реттелмеген сияқты.

Директор кімді алады ? Әрине, зерттеуші мен шеберді. Жас мұғалім ше? Иә,студент кезде официант болып істеген тәжірибесі бар. Ары қарай істей береді.

Жас маманның тағдыры осындай. Сондықтан жас маманға деген белгілі бір артықшылықтар керек.

Сұлтан СҮЛЕЕВ, білікті ұстаз.

Facebook  жазбасы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.