Мектепті 15-17 жыл басқарған директордан білім саласына қандай пайда бар?

0
117

Білім және ғылым министрлігі 2022 жылдан бастап «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» № 559 бұйрықты қолданысқа енгізген.

Осы бұйрық бойынша, Оқу-ағарту министрлігі мемлекет қарамағындағы мектеп, колледж, балабақша директорларын 4 немесе 7 жыл сайын алмастыруы қажет.

Егер әлдебір директор 4 жылдан кейін «ауыспаймын» деп себеп айтса, онда оған тағы сол мектепте 3 жыл жұмыс істеуіне рұқсат береді.

Ал 7 жыл бір мектепте (колледжде, балабақшада) жұмыс істеген директорды міндетті түрде ауыстыру қажет. № 559 бұйрық директорлардың сыбайлас жемқорлыққа ұрынбасы үшін қабылданса керек.

Дегенмен, Оқу-ағарту министрлігінің аймақтағы шенеуніктері кейбір мектеп директорларын ротацияламай жүр.

Осы проблеманың дәлелі ретінде әзірге екі факт айтайын. Алматы қаласындағы № 153 Абдулла Розыбакиев атындағы мектеп-гимназияның директоры Шавкат Умаров 2008 жылдан бері (17 жыл) бір орында тапшылмай отыр.

Ал Бұлбұл Оспанбектің № 15 мектеп-гимназиясына директор болғанына 19 жыл толды. Мұнда қандай гәп бар? Бұған Алматы қаласының Білім басқармасы не дейді екен?..

P.S. Алдағы уақытта барлық облыстарда «отырып қалған» директорлардың тізімін біртіндеп жариялау үшін мәлімет жинап жатырмын. Күтіңіздер…

Ораз ӘЛІМБЕКОВ, журналист.

Фото көрнекілік үшін интернеттен.