Министр Ғани Бейсембаев, айтқан сөзіңіз қайда қалды?

0
376

Бір жылдық еңбек келісімшартын түзіп, алайда ол шартты оқу жылының ортасында бұзып, мұғалімді жұмыстан шығарған мектеп енді сол мұғалімге деген адами құрметін сақтай алмай отыр деп жазады Democrat.kz.

Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, №115 мектептің білікті ұстазы Мира Барказатқызы әділдікке қол жеткізе алмай жүр.

Ешбір нақты себепсіз жұмыстан шығарылған Мира Барказатқызы өзі жұмыс істеген мектеп ғимаратына кіру мұң болды дейді.

«Заңды аяқ асты ететін де, бұрмалайтын да — мансапқа мастанған мемлекеттік қызметкерлер. Мен әлі жұмыстан кеткен жоқпын, сағаттарымды уақытша басқа мұғалімге заменға берген, бірақ мені мектептің турникеті өткізбейді, хатшысы алмайды.

Күзетшілері күшті. Хатшы директордан мені қайтаруды талап еткен ата-аналарды жолықтырмайды, оқушыларды да жолатпай, қудалап отырған қайтарып отырған.

“Д. Бабаев атындағы 115 жалпы білім беретін мектепті” жекеменшікке сатып алған ба?!Almaty Qalasy Bilim Baskarmasy, Түрксіб Білім Бөлімі, мемлекеттік қызметкерлеріңіздің медиасауаттылығы неге төмен?

Мемлекеттік мектепті жекеменшігіндей меншіктеуге құқысы бар ма?! Не қылған сірескен авторитарлы стиль?! 30.12.24 ж күні жазылған келісім комиссиясына берілген арызыма байланысты отырысы 22.01.25 белгіленген еді, өтпеді.

Өтпеу себебін айтпады. Енді өтпеу себебін талап еткен өтінішті тіркеу үшін хатшы не телефонын көтермейді, не электронды поштасын бермейді. Ғани Бейсембаев, “Сіздің мұғалімді қорғаймын” деген ел алдындағы сөзіңіз жалған ба?» деп жазды білікті ұстаз өз парақшасында. 

Фото көрнекілік үшін.