«…министр Ғани Бейсембаевпен бәрін шешіп тастағам» деген Білім бөлімінің басшысы Президентті менсінбей ме?

0
111

Белсенді журналист Оңғар Қабден өзінің әлеуметтік парақшасында білім саласына қатысты келесі былықтарға байланысты жоғары биліктің назар салуын сұрап, жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.

«Қазақстан Республикасының Президенті

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев!

Бас прокурор Берік Асылов!

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаев!

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасы Жұмағали Асхат Жұмағалиұлы!

Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімінде мектептің «Мини-центрлері» 1 шілде 2024 жылы жұмысын тоқтатқан болатын.

Ал қағаз жүзінде 1 қыркүйекке дейін үзілісіз жұмыс істеп тұрды. Еңбек кітапшаларын уақытында бермей тәрбиешілерді қан қақсатқан болатын. Себебін анықтағанда әлі де жұмыстарын жалғастырып жатқандығы белгілі болды.

Арайлым Ақсубаевна «1 қыркүйек күнімен жұмыстан шығарамын бірақ екі айдың шығыны төленбейді, қайда барсаңдар онда барыңдар маған десе Тоқаевқа барыңдар ақша жоқ» деп айтқан.

2024 жылдың шілде, тамыз айларының толық жалақысы мен бүлдіршіндерге арналған тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді, тауарларды конкурстық негізде сатып алу жолымен жүзеге асырылатын қаржыларды тоқтатпаған, меңгерушілер мен тәрбиешілер және кіші қызметкерлерге ешқандай өтем ақы төленбейді деп Толеубекова Арайлым Аксубаевна айды аспанға бір-ақ шығарды.

Арыз жазып шу болған кезде ғана бір айлық өтем ақы төлеген болатын. Шағын орталықтың екі айлық ақысы қайда, жұмыстан босатылған кезде берілетін үш айлық өтем ақысы қайда, бүлдіршіндердің екі айлық тамақтарына бөлінген қаржы қайда.

Осы тамақтандыру мен тауарларды конкурстық негізде мектептерге жеткізу Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлінің сектор меңгерушісі Булекбаева Зарина Бахытжанқызының күйеуі ИП «АйТок», Т.А.Койлюбай болып табылады.

Сондай-ақ Островский орта мектебінің әр тәрбиешісіне 1 ставка қаржы толық төленбеген. Мектеп директорының туысына аударылып отырған.

Әр тәрбиеші 0,95 ставкамен жұмыс атқарған. Тәрбиеші мамандар білім бөлімінің басшысына барған кезде Толеубекова Арайлым Аксубаевна әр тәрбиеші маман 0,95 ставкамен жалақы алатындығы дұрыс деген қорытынды берген. Қалғанын мектеп директорымен бөлісіп отырған болуы керек.

Р.S. Еңбекшіқазақ ауданынан келген кезекті хат. Айтпақшы, бұл ауданның білім бөлімінің бастығы министр Ғани Бейсембаевты президент Тоқаевтан жоғары қояды екен.

«Маған десеңдер Тоқаевқа барыңдар. Мен Бейсембаевпен бәрін шешіп тастағанмын» деген видеоны жақында мұғалімдер жариялаймыз деп отыр» деп жазды журналист шағымданушылардың хатына сүйеніп.

Фото көрнекілік үшін.