Әңгімелесу барысында Денсаулық сақтау министрі вакцинациялау еліміздің денсаулық сақтау саласындағы басым бағыттардың бірі болып табылатынын атап өтті. Алайда, соңғы жылдары Қазақстанда да, бүкіл әлемде де екпе алудан бас тарту үрдісі өсуде, бұл иммунизацияланбаған адамдар санының артуына және егілмеген азаматтардың арасында инфекциялық аурулардың өршуін тіркеуге ықпал етеді.«Инфекциялық аурулардан және олардың ықтимал зардаптарынан қорғайтын профилактикалық екпелерден бас тарту - балалардың денсаулығына қауіп төндіреді», — деп атап өтті Ақмарал Әлназарова. Министр сонымен қатар вакцинациядан бас тартудың басты себептерінің бірі ата-аналардың діни сенімдерінің әсері екенін атап өтті. Осыған байланысты Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен (ҚМДБ) ынтымақтастықты күшейтуді жоспарлап отыр. Осы ынтымақтастық шеңберінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен вакцинациялаудан бас тартуға әсер ететін діни факторларды анықтау, сондай-ақ байланыс олқылықтарын және вакцинациялауға кедергі келтіретін басқа да ықтимал факторларды зерделеу үшін зерттеу жүргізіледі, деп жазылған министрлік таратқан ақпаратта. Алайда осы ақпараттың фотолары мен медицина деп аталатын ғылымның діни мекемеде кездесуі көпшіліктің көкейіне түрлі ой салды. Бастарына орамал тартқан Денсаулық сақтау министрі мен министрлік өкілдерінің әрекетін жұрт түсінбей әлек. Зайырлы мемлекет саналатын Қазақстан Республикасының білдей министрінің дін адамы секілді басына орамал таққанын сынға алғандар болды. Ал ең бастысы, "діни түсінікке байланысты вакцина алудан бас тарту" дейтін министрдің пікірін көпшілік қолдамады. Бұл ақпаратқа қатысты "Вакцинаның кері әсері, денсаулыққа тигізер зияны болмаса, ешкім бас тартпас еді", "екпеден бас тартуға ешқандай да діни сенімнің қатысы жоқ", "ғылым діннен ақыл сұраған ба?" дейтін пікірлер жазылуда. Фото әлеуметтік желіден.
Министр мүфтимен кездесті: Ғылым діннен ақыл сұраған ба?
-
Үкімет өңдеу өнеркәсібінің өсу қарқыны жөніндегі жол картасын әзірлемек13:30, 19 желтоқсан 2025
4
-
Журналист елбасының тоқалына қатысты құпияны жариялады13:00, 19 желтоқсан 2025
95
-
Мемлекет басшысы Sumitomo компаниясының президентін қабылдады12:30, 19 желтоқсан 2025
32
-
Астанада суррогатты алкогольдің көтерме саудасы анықталды12:15, 19 желтоқсан 2025
18
-
"Баламды қазақ мектебінде оқытпағаныма өкінемін" деген әйелдің сөздері жұртқа үлкен ой салды12:00, 19 желтоқсан 2025
141
-
Тоқаев Rakuten Group компаниясының басшысын қабылдады11:30, 19 желтоқсан 2025
31
-
Зейнеткер сотта әділдікті талап етіп, жеңіске жетті11:23, 19 желтоқсан 2025
25
-
"Жас қызға құмарта қараған" Тұрсын Алагөзов сынға қалды11:00, 19 желтоқсан 2025
130
-
Айдана Меденова: "Қоштасуға себеп бар"10:24, 19 желтоқсан 2025
147
-
Мемлекет басшысы Токио губернаторы Юрико Коикэмен кездесу өткізді10:04, 19 желтоқсан 2025
33
-
Мұқағали Мақатаев туралы ел естімеген сұмдық жазба шықты
11:00, 18 қыркүйек 2025
31740
-
"Төсегімізге сыймай жүрміз" дейді Кенжебек Жанәбілов
16:34, 17 қыркүйек 2025
17425
-
ҚТЖ-ны қарызға батырған Мәмин туралы сұмдық деректер шықты
11:00, 10 қазан 2025
17314
-
Салафиттердің былығын ашқан Рания оларды "майсыз табада қуырып жатыр"
13:00, 10 желтоқсан 2025
17052
-
Тұрсынбек Қабатовтың шешесі баласының тоқалына қатысты не айтты?
17:15, 03 қараша 2025
12186
-
Әнші Мәдинаның жиіркеніп, тыжырынғаны жұрттың ашуына тиді
14:00, 12 қазан 2025
11238
-
"Мұғалімдер есеңгіреп қалды, тозды, шаршады" дейді ардагер ұстаз
15:00, 29 қыркүйек 2025
11141
-
"Туған күніңмен, махаббатым!" деген Баян күйеуіне ерекше сыйлық жасады
12:00, 17 қыркүйек 2025
10212
-
"Маскадағы адамның" кім екені белгілі болды?
14:00, 19 қазан 2025
9985
-
Пәтер, көлік сатқанда азаматтар білуге тиіс ережелер
13:00, 16 қараша 2025
9296