Министрлік оқушылардың намаз оқуына байланысты тескерісті бастады
Мектеп қабырғасында намаз оқыған оқушылардың видеосы тараған еді. Оқу-ағарту министрлігі оқиғаға байланысты тексеріс бастады, деп хабарлайды Democrat.kz ақпараттық порталы 31-арна жаңалықтарына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде тарап жатқан жазбадан бір топ баланың сәждеге жығылып жатқанын байқауға болады. Олардың арт жағында мектеп партасы көрінеді. Спорттық киім киген бозбалалар қай мектептің шәкірттері екені әзірге белгісіз. Оқиғаның қай өңірде болғаны да беймәлім. Жалпы заң бойынша оқу орындарында діни құлшылық жасауға тыйым салынған.
Ведомство өкілдері сабақ барысында құлшылық жасауға рұқсат берген білім ошағын анықтап, шара қолданбақ. Бұл туралы 31-арнаның Информбюро жаңалықтарында айтылған болатын.
Бұған дейін ақтөбелік орамалды оқушылардың ата-аналары биліктен елімізде онлайн оқытуды ресми түрде заңдастыруды талап етті. Сөздерінше екі жылдан бері Ресейде білім алып жатқан балалары Қазақстанның емес Ресейдің тарихы мен мәдениетін үйреніп жатыр.
Олар Білім министрлігі хиджаб киген оқушыларға мектепке баруға тыйым салғалы балалары мүжбүрлі түрде оқшауланып қалғанын айтты. Енді ата-аналар президент Қасым- Жомарт Тоқаев пен білім министрі Асхат Аймағамбетовке петиция жолдайтынын мәлімдеген.
Фото ашық дереккөзден алынды.