Мұғалімдер 1937 жылғы зобалаңды бастан кешіруде

0
283
Құдай істің ақырын берсін,білім саласы әбден құлдырап бітті.Оқулықтардың түрі анау, не көп, баспа көп.Бітпейтін қағаздар…Сынып жетекшісіне Алла төзім берсін…Оның үстіне, «Нысаналы мектеп «деген сияқты қажетсіз әрі заңсыз жобалар көбейді…
Кеше бір әріптесім хабарласты:» «НМ» заңсыз жоба екенін біліп,тест тапсырудан бас тартқаным үшін аудан білім бөлімінен бір әдіскер мектеп басшысына хабарласып, не үшін бармағаным туралы, қалайда тест тапсыруым керек екенін ескертіп,сәлемдеме айтып жіберіпті»- дейді…
«Шаш ал десең, бас алатын» шолақ белсенділер көбейген заман.Әсіресе, білім беру саласында осындай жүрегінде оты жоқ, табанының бүрі жоқ, қорқақ, жалтақ, жағымпаз мамандардың көбейгені өте өкінішті…
Құдай-ау деймін де, ол әріптестің еңбек өтілінің 30 жылдан асып,40 жылға таяп қалғаны ескеріліп, мұғалімдердің заңды квал.тестінен босатылғанын мен жақсы білетінмін.
Ол жағдай мұғалімнің жасына, денсаулығына, т.б.жан жақты критерийлер бойынша жасалған шығар. Енді неге осы жағдай заңсыз жасалған «НМ» жобасында ескерілмейді ,мүлдем ақылға сыймайтын дүние…
Осы тестің заңсыз екендігін айтып, Ашық хатқа, Петицияға қол қойған әріптестеріме де астыртын»шабуыл» жүріп жатқан сияқты.(Сабақтарына қатысып, «тырнақ астынан кір іздеу»,іс қағаздарын тексеру, әр күнін аңду т.б.)
Сонда бұл не, мұғалімдерге 1937 жылғы зобалаң қайта келген бе деп қаласың кейде.
Барлық оқушыларды «үздік»,»жақсы» оқушылар қатарына қосуымыз керек екен. Өз мамандығын, пәнін сүйген мұғалім осы бағытта аянбай жұмыс істеп жүргені де рас..
Дегенмен, әр баланың қабілеті, деңгейі әр түрлі емес пе? Оның үстіне қанмен берілетін тектілік деген тағы бар.
Барлығынан бірдей ғалым немесе оқымысты шығаруымыз керек пе сонда?
Оқушылардың таза бағасын қойған мектептердің көпшілігі казір «Нысаналы мектептің» құрамына кірген 943 мектептің қатарында жүр.
Қысқасы, білім деңгейі сапамен емес, санмен, пайызбен өлшенетін заманда, амал жоқ, асыра баға қоюға тура келеді екен…
Сәуле МАЙКЕНОВА, білікті ұстаз.
Facebook жазбасы.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.