Мұғалімдер мерекесі үшін ата-аналар қырылысып қалды

0
330

Әлеуметтік желіге шығып кеткен бұл видеодағы дау — «Мұғалімдер күніне» қатысты болды деп жазады Democrat.kz.

Базардағы сауда орындарының бірінен ыдыс-аяқ жинағын сатып алып жатқан келіншек «Мұғалімдер күнінде» ұстазға сыйлық ретінде алғысы келетінін айтқаны сол екен, жанында тұрған басқа келіншек бас салды.

«Мұғалімге не үшін сыйлық аласың? Керегі не? Үйіңе алмайсың ба одан да. Одан да мамаңа әпермейсің бе? Мұғалім онсыз да айлық алып отыр ғой»,- деп бастаған келіншекті тоқтату мүмкін болмады.

«Мұғалім — баламды оқытып отыр. Қандай сыйлық берсем де, жарасады. Шаруаңыз болмасын, өзім білем ғой»,- деген сыйлық алушыны тыңдап жатқан қарсыласы жоқ.

Видеоға қатысты көрерменнің пікірі екіге айырылды. Бірі «дұрыс, мұғалім кез келген сыйлыққа лайық» десе, енді бірі «мұғалімге сыйлық бермеу керек» деп жазуда.

Фото видеодан скринделіп алынды.