Нағыз дінсіз деп кімді айтамыз?

0
799

ТикТок әлеуметтік желісінде орысша уағыз айтқан келесі уағызшы қандай кісінің дінсіз екенін айтып берді деп жазады Democrat.kz.

«Егер адам намаз оқымаса, ол дінсіз болады. Өйткені пайғамбарымыз «намаз — діннің негізі» екенін айтқан. Намаз оқымаған, намазын қаза еткен кісі — дінін сыйламаған болып табылады. Ораза бәрімізге парыз емес. Мысалы, науқас, жолаушы кісі ұстамаса болады. Зекет- негізінен байлар үшін парыз. Қажылыққа екінің бірі бара алмауы мүмкін. Ал намаз ауруға да, жолаушыға да, кедей-байға да бәрімізге парыз. Ауырсаң да, жолда жүрсең де, кедей болсаң да — намаз оқуға міндеттісің», — дейді өзге тілді уағызшы.

Фото видеодан скринделіп алынды.