Некесін сақтап қалу үшін үш қызын өлтірген

Грекияда онсыз да өмір бойына бас бостандығынан айырылған әйел тағы екі қылмыс үшін кінәлі деп танылды.
2024 жылы 9 жасар қызын өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған Рула Писпиригу 18 наурызда тағы екі қылмыс үшін жаза арқалады. Себебі сотта медбикенің тағы екі баласын өлтіргені дәлелденді.
CBS News дерегіне сүйенсек, бұл іс бірнеше жыл бойы Грекия қоғамының назарын аударып келген.
Афина сотының мәліметінше, Рула Писпиригу 2019 және 2021 жылдары өзінің кішкентай қыздары Малена мен Ириданы тұншықтырып өлтірген. Ол осылайша күйеуінің өзін тастап кетуіне тосқауыл қоймақ болған, бірақ мақсатына жете алмаған.
36 жастағы Писпиригу өз кінәсін мойындамай, сот шешіміне шағымданатынын мәлімдеді. Үкімді бірауыздан қабылдаған үш судья мен төрт алқаби алдында ол қыздарының суретін көрсетіп:
Мен соңына дейін күресемін, қыздарымның кінәсіз екенін дәлелдеймін, жақсылап қарап алыңыздар, олар енді сіздерді өмір бойы мазалайтын болады, — деді.
Сот отырысына Писпиригудің бұрынғы күйеуі Манос Даскалакис пен туыстары қатысқан.
Әйел қыздары Малена мен Айристі өлтіргенде, олар небәрі 3,5 жаста және алты айлық болған.