“Өлген сахабаның иісі ерекше керемет” дейді қажылыққа барған жігіттер
Қажылыққа барған қазақстандық жігіттер Мединедегі Ухуд тауынан ерекше иіс шығып тұрғанын айтып ТикТокта видео бөлісті деп жазады Democrat.kz ақпараттық порталы.
“Мынадай иіс еш жерде жоқ. Мысалы, мына жерде бір жел үрлеп тұрады, содан керемет иіс келеді. Мына жерде сахабалар жерленген. Міне, сахабалар жерленген жерлерден сондай керемет иіс шығып тұр. Өйткені олар шахид болып өлген. Сондықтан мың жыл өтсе де, бұл жерден осындай ерекше иіс шығып тұр”,-дейді видеоны бөліскен қос қазақ жігіті.
Ал осы видеоның астына пікір жазып қалдырғандардың басым бөлігі “бізге де сол жерге бару бұйырсын”, “иіскегім келіп отыр”, “керемет” деген сыңайда ойын білдіруде. Видеоны төмендегі сілтемеге кіріп көре аласыздар.
https://www.tiktok.com/@_oljaskhan9/video/7350371831301311750?_r=1&_t=8l0bqDnfxQc
Фото интернеттен алынды.