…ондай адамды «мұғалім» деуге болмайды

0
110

«Бетіміз қисық болса, неге айнаға өкпелеуіміз» керек, құрметті әріптестер? Тіл маманы Назгүл Қожабекова дұрыс айтып отыр…

Кеше түс қайта Шымкент Қаласының Білім Басқармасы директорлыққа үміткерлермен әңгімелеу комиссиясында болдым..

Үміткерлер туралы мәлімет жазылып, комиссиясы мүшелерінің алдына қойылған қағаздарда тіпті 5-сыныптың 4 пен 5-ке оқитын оқушысына да кешірілмейтін стилистикалық қана емес, грамматикалық қателіктер өріп жүр..

Амал жоқ, ашу шақыруымызға тура келді (Азар түбі келесі жолы комиссияға шақырмай-ақ қояр).

Сауатты мұғалімсің бе?

Олай болса мұғалім атын жамылып, киелі мамандықтың атын кірлетіп жүргендермен күрес…

Кейбір «әріптестер» былыққа батып жүріп, өздерін «ұстаз» деп атайтынын қайтерсің

Адамзат Аристотельді 1-ұстаз, Әбу Насыр әл Фарабиді 2-ұстаз деп мойындайды..

Екеуінің арасы бірнеше ғасыр…

Олай болса «ұстаз» деген атқа мыңнан бір емес, миллионнан бір адам лайықты..

Абай, Әлихан, Ахмет ұстаз..

Өз пәнін жақсы түсіндіріп қана қоймай, балаларға жақсы өнеге көрсете алатын адам мұғалім (Балаларға жақсы өнеге көрсете алатын мұғалім көп болса, білім саласында былық аз болар еді).

Ал бар мақсаты алдындағы оқушыларды қозы қайырғандай тыныштандыру ғана болатын адамды «мұғалім» деп айту қиын..

Өмір ШЫНЫБЕКҰЛЫ, білікті ұстаз.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін.