“Президент мырза, әкім Досаевқа әліңіз жетпей ме?” деген журналист Президентке үндеу жасады

“Досаев Алматыдағы бүкіл аялдамаларды ауыстырады” деген жұрттың айтып жүргені рас па деген сауалға жауап іздеген танымал журналист Сәуле Әбілдаханқызы Президент Тоқаевқа үндеу жасады деп жазады Democrat.kz.
“Неге Алматыға келген әкімдердің бәрі аялдама мен бордюр ауыстырғыш??? Басқаға фантазияларың жетпей ме? Басқа да ақша жеуге болатын жерлер аз емес қой…
Көпқабатты үйлерде сақырлап, жүргенінен тұрғаны көп, 10-20-30 жыл болған лифтілерді ауыстырыңдар да жеңдер бір 5%-ын…… Тек сапалысын, программасы дұрысын қойыңдар….
Мыңғырған подъездерге жөндеу жұмыстарын жүргізіңдер де, жеңдер бір 5%-ын…. тек ремонтты сапалы бояумен, сапалы жұмысшыларға істетіңдер…. біздің подъезд сияқты айдақ-сайдақ қып кетпесін…..
Мыңғырған жертөлелерді (подвалдарды) тазалатып, тіпті, ремонтап, жарық жүргізіп, шағын бизнеске жалға беріңдер де, жеңдер бір 5%-ын…….
Ойдым-ойдым опырылып жатқан жолдар мен көшелерді жөндеңдер де, жеңдер бір 10%-ын…. рұқсат…. тек бір жаңбыр, екі қардан кейін ағып кетпейтін, сапалы жол төсеңдер…..
Айдаладағы развязкаларға балаларға арналған ойын алаңдарын салып та жедіңдер ғой…. сондай ойын алаңдарын, спорт алаңдарын керекті жерлерге салыңдар да, жеңдер бір 5%-ын…..
Емханаларды, ауруханаларды аппарат, құрал-жабдықтармен, дәрігер мамандармен қамтамасыз етіңдер де, жеңдер бір 5%-ын…..
Бос жатқан жерлерді, сносқа кеткен үйлердің жерлерін құрылыс компанияларына сатып жатырсыңдар, – олардан аз жеп отырған жоқсыңдар…..
Базарлар мен дүкендерден, өндіріс орындарынан. бизнес көздерінен жинап, жеп отырғандарың және бар…..
Осылардың өзінен-ақ миллиардер болдыңдар ғой….. Жетпей ме сол???….. Әрі халыққа да пайда, игі іс істер едіңдер……. Әлде халық есеп-қисап білмейтін топас, соқыр, керең, мылқау деп ойлайсыңдар ма?
Айналып келіп аялдама ауыстырасыңдар…. айналып келіп бордюр, брусчатка ауыстырасыңдар….. айналып келіп аудан әкімдіктерінің алдын, айналасын жарқыратып, өздерің жүретін көшелерді ғана жылда жөндетесіңдер…. теп-тегіс болса да….. халық жүретін жерлерді қашан көресіңдер, соқыр, мылқау, кереңдер???
Қысқасы, тып-тыныш тұрған аялдамаларды жайына қалдырыңдар!!! Болатын іспен айналысыңдар!!!!!! Аялдама жасайтын болсаңдар, баяғыдай сауда нүктесі (киоскі) бар аялдама жасау керек….. Ол жобаны тиімді етіп қалай жасау керектігін асықпай айтамын….
Кептеліс мәселесін де қалай шешудің жолын білемін, айт десеңдер айтамын…. (идеямды сатамын)…..
Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы , (бұрынғы парақшаларыңыз қайда кеткен, жойып тастағансыз ба?) Алматыны, Алматы облысын “ескі Қазақстан” жекешелендіріп алған жоқ па? Досаевқа күшіңіз жетпейтін сияқты ғой….
Олай болмаса, Алматы қаласын, әкім-қаралардың жұмыстарын жіті бақылауға алуыңызды сұраймын. Алматы – Қазақстанның символы. Туристер қаласы.
Аялдама мен бордюр ауыстырудан басқа күйіп тұрған мәселелері өте көп. Кептеліс мәселесін шешсін. Досаев Алматыға әкім бола алған жоқ.
Мүмкіндік берейік, жұмыс істесін деп үндемей күттік, бірақ ол өзінің әкім болу қабілеті өте төмен екенін көрсетті…. Емханалар мен ауруханалар жөнінде мың-миллион мәселені айтуға болады…” деп жазды журналист парақшасында.
Фото көрнекілік үшін.