Президенттің тапсырмасын құнсыз құжатқа айналдырып, мұғалімді ақымақ ету кімге керек?

0
524

“Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшы” жобасы мемлекет басшысының тапсырмасы.

Енді осы жобаны сәтті аяқтап, сертификаттарын алған педагогтарды екі -үш жыл әкімшілікте істемесе, директор бола алмайды деген заң шығарып алған. Бұл жергілікті басқармалардың заңы ма, әлде министрліктің қосымша құжаты ма?! Түсініксіз!

Осы жобаны сәтті аяқтағандар, кез келген бос орынға конкурссыз, директорлық қызметке отырып, тіпті жайлы мектептерді де басқарады деп, ақпарат жазып отырған Оқу ағарту министрлігінің өкілдері өз сөздеріне өздері қарсы?!

Ал жергілікті басқармалар мен аудандар «үш жыл завуч болуы керек» деп бос орынды бермей отыр.

Айтпақшы, Талғардың Білім бөлімі осыдан бір ай бұрын бірнеше бос орындарға директор тағайындаған болатын.

Осыдан кейін мемлекет басшысы тапсырған тапсырманың еш құны қалмады деуге әбден болады. Көшбасшылар сертификаттарын алса да, директорлық қызметке отыруға рұқсат берілмеген. Себебі: екі үш жыл завуч болып істеуі керек екен

Онда неге тек завучтарды жинап алып оқытпадыңдар?! Неге кез келген педагог көшбасшы бола алады деп өтірік айтасыңдар?!

Президенттің тапсырмасын көзбояушылықпен орындап, мемлекет қаржысын босқа шашып оқытқан көшбасшыларға «керек болса, завуч болыңдар, болмаса, үндемей отыра беріңдер» демек пе?!

Бұл жобаның құны қалмаған. Жоба- жергілікті басқармаларға өтпей қалған. Олардың өз заңдары бар ма?!

Сәния НҮСІПӘЛІ, белсенді ұстаз.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.