Рамазан айында шынымен біреуге көмектескіңіз келсе…

Рамазан айы басталғанда, имам-молдалар екі алақанын ысқылап дайындалады. Себебі бұл айда жұртшылық пітір-садақа береді.
Пітір-садақа бұрын бидайдың біл келі бағасымен есептелсе, қазір «доллардың деңгейіне» жеткен бе, әйтеуір жыл сайын пітір-садақа құны да асқақтап, артып барады.
Биылғы пітір-садақа бір адамға 655 теңге болып бекітілді. Былай қарасаңыз, түк те көп ақша емес. Алайда бір үйде 10 адам болса, 6500 теңгені шапқылап барып мешіттегі жәшікке тастайтын пенде аз ба?
Мешіт жәшігіндегі ақшаның қайда кетіп жатқанын біреу білсе, біреу білмес. «Пәленшеге көмектестік!» деп жұртқа көрсетіп, арнайы кадрлар жасалып, арнайы адамдардың рөл ойнап, қайырымдылыққа берілген ақшаны қылғыта жұтқан талай «қамқоршыларды» бұл қазақ көріп жатыр.
Олай болса, адами қасиетпен шынайы жәрдем еткіңіз келсе, бес баласымен баспанасыз қиналып, ауыр жағдайда күн кешіп жатқан Жұлдыз Әлімбетова қызымызға неге көмектеспеске?
Қайда жұмсалары белгісіз, садақа, қайырымдылыққа беретін ақшаңызды өз қаныңыздан, өз жаныңыздан жаралған қазақтың қызына берсеңіз, имандылық та, адамгершілік те осы емес пе?
Бүгін Жұлдыз қызымыздың басына түскен ауыр жағдай ертең біздің де баламыздың басына түспесіне кепілдік жоқ. «Жақсылық жасасаң, еселеп алдыңнан шығады» дейді қазақ.
Жұлдыз қызымызға көмектессек, алған алғысымыз ұрпағымызға жетері сөзсіз.
Бес баланың анасы, жалғызбасты Жұлдыз Әлімбетова бүгінде баспанасыз, өте қиын жағдайда өмір сүріп жатыр. Балаларының болашағы үшін күресіп жүрген ана ел азаматтарынан қолдау күтеді.
Биыл мүфтият Ораза айында жан басына пітір-садақаны 655 теңге деп бекітті.
Өзін мұсылман санайтын жандар өздерінің Құдайға деп арнаған пітір-садақасын мұқтаж жандарға, соның ішінде адам төзгісіз жағдайда өмір сүріп жатқан Жұлдыз Әлімбетованың жанұясына арнаса, үлкен сауапқа кенелер еді.
Қасиетті Рамазан – қайырымдылық пен мейірімнің айы. Бәріміз жұмылып мұқтаж жандарға көмек қолын созсақ, олардың да жүзіне қуаныш, жүрегіне үміт ұялатамыз.
Көп балалы анаға көмектескісі келетін азаматтар пітір-садақасы мен қаржысын төмендегі Жұлдыздың каспи нөміріне аударсаңыздар.
Құдайдың разылығы үшін жасаған әрбір жақсылығыңыз еселеніп қайтсын!
Каспи голд:
+77474028969 Жулдыз А
ИИН:
871123403042