Ресейдегі Қорған қорғансыз қалмасын

0
169

Ресейдің Қорған облысында жағдай мәз емес. Бұл жақта Тобыл өзеніндегі су деңгейі сәт сайын көтеріліп бастады деп хабарлайды Democrat.kz. Ақпараттық порталы RG.ru сайтына сілтеме жасап.

Су қаланың маңайына келіп қалды. Кеше Тобылдың су деңгейі 5,32 метрге дейін көтерілді. Естеріңізге сала кетейік, мамандар Тобыл өзенінің су деңгейі 11 метрге дейін көтерілуі мүмкін деп болжап отыр.

Су тасқынына қарсы облыс халқы бар күшін жұмылдыруда. Тобылдың жағаларына құм толтырылған қаптан бөгеттер салынды. Сонымен қатар басқа облыстардан техникалық көмектер жөнелтілуде. Облыс басшысы Шумков  егер бөгеттерді су бұзып кірсе, қаланың бірнеше  ауданын су басатынын айтады.

Қорған қаласының маңындағы Темляков ауылында су көпірді шайып кеткен. Алапат зор қарқынмен су қалаға қарай бет алып келеді дейді мамандар. Аймақта 6600 адам қауіпсіз жерлерге көшірілді.

Фото ашық дереккөзден алынды.