Ресейден келетін елімізге су қауіп төндіруде
“17 сәуірде Январцево ауылының су қоймасы арқылы Ресей Федерациясынан келетін судың салдарынан Жайық өзенінде су тасқынының шарықтау шегі басталуы мүмкін делінді. 20-21 сәуірде Оралға су келеді деп болжанып отыр.
Осыған байланысты Қанат Бозымбаев су тасқынына дайындалу үшін БҚО-ға қосымша 750 бірлік техника тартуды тапсырды, оның 100-і Жайық өзенінің жоғары ағысы бойынша елді мекендерге, 500-і Орал және 150-і өзеннің төмен ағысына арналған. Бұдан басқа елді мекендердің айналасындағы бөгеттер мен бөгет құрылыстарын нығайтуды тапсырды”, – деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Фото ашық дереккөзден алынды.