Ресейден келетін елімізге су қауіп төндіруде

Ресейден келетін елімізге су қауіп төндіруде
“17 сәуірде Январцево ауылының су қоймасы арқылы Ресей Федерациясынан келетін судың салдарынан Жайық өзенінде су тасқынының шарықтау шегі басталуы мүмкін делінді. 20-21 сәуірде Оралға су келеді деп болжанып отыр. Осыған байланысты Қанат Бозымбаев су тасқынына дайындалу үшін БҚО-ға қосымша 750 бірлік техника тартуды тапсырды, оның 100-і Жайық өзенінің жоғары ағысы бойынша елді мекендерге, 500-і Орал және 150-і өзеннің төмен ағысына арналған. Бұдан басқа елді мекендердің айналасындағы бөгеттер мен бөгет құрылыстарын нығайтуды тапсырды”, – деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі. Фото ашық дереккөзден алынды.
Барлық жаңалықтар