Бибігүл Төлегенова Димашты туған күнімен ерекше құттықтады

Бибігүл Төлегенова Димашты туған күнімен ерекше құттықтады

КСРО Халық әртісі Бибігүл Төлегенова әлемге танымал ерекше әнші Димаш Құдайбергенді туған күнімен құттықтап, арнайы видео жариялады. Бибігүл Төлегенованың құттықтау видеосын Димаштың анасы өз парақшасында бөлісті деп жазады Democrat.kz.

Бибігүл Төлегенва өз құттықтауында  Димаштың өнердегі де, өмірдегі де азаматтық болмысына жоғары баға беріп, оның қазақ мәдениеті үшін орны ерекше екенін атап өтті.

«Айналайын, Димашжан! Ата-анаңның ұлысың, әжеңнің немересің, ал маған шөбересің. Сондықтан бүгін сенің туған күніңе қуана отырып, құттықтағым келіп отыр. Тәнің сау болсын, бақытты бол. Табысың мен абыройың үстем болсын, Құдайға шүкір. Ел сыйлайтын, халық қадірлейтін азаматсың», – деді опера аңызы.Елді, бүкіл әлемді қазақтың әніне тәнті еткенің үшін саған бүкіл қазақ елі мың да бір рақметін айтады. Бәрінің батасы саған бас болуына құт болсын. Қайда жүрсең де, жолыңды Қыдыр қолдасын. Сен – бүкіл қазақ халқының жер жүзіндегі өкілісің. Ол өкілдігің жоғарыдан көріне берсін», деді Бибігүл Төлегенова.

Барлық жаңалықтар