"Жүрегіме қатты тиді" деген Төреш Қайрат Нұртастың концертіне қатысты пікір білдірді

"Жүрегіме қатты тиді" деген Төреш Қайрат Нұртастың концертіне қатысты пікір білдірді

Әнші Төреғали Төреәлі әріптесі, досы Қайрат Нұртастың Алматыда өткен концертіне қатысқаннан кейін ерекше жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.

"Кеше Қайрат Нұртас ағамның Алматы Аренадағы концерті нағыз өнердің мерекесіне айналды.

Қазақ эстрадасының хас шебері сахнаны ғана емес, халықтың жүрегін де тербетті.
Зал толы көрерменнің ықыласы, әнге қосылған мыңдаған дауыс, шынайы махаббат бәрі ерекше атмосфера сыйлады. Сол кеште Қайрат ағамның маған көрсеткен құрметі жүрегіме қатты тиді.
Халықпен бірге “Төреғали” деп атымды айтып, аренаны шулатқан сәт өмірімдегі ұмытылмас әсердің бірі болды.

Аға деген осындай болады.
Өнердегі сыйластық пен бауырмалдықтың үлгісін көрсетті.

Рахмет сізге, Қайрат аға.
Қазақтың өнері осындай бірлікпен, осындай құрметпен биіктей берсін.

Алла абыройыңызды арттырсын.
Алматы Арена тағы да қазақ өнерінің рухын сезінген қасиетті кештің куәсі болды", деп жазды Төреғали Төреәлі. 

Барлық жаңалықтар