ТикТок әлеуметтік желісіндегі тікелей эфирге қатысқан бір топ белсенді азамат продюсер Баян Алагөзоваға қатысты қандай шара қолданатындарын айтып, өздерінше жоспар құруға тырысты деп жазады Democrat.kz.
ТикТоктағы бұл тікелей эфирге ақтөбелік емші Бағдагүл де қатысқан. Бір топ кісінің қатысуымен өткен сол эфирде сынықшы Бағдагүл: "Баянды үйінен шықпайтындай етуге әлі ерте. Ол жағдайға мен балаларды дайындап қойдым.
Әзірге мен "женская солидарность" сақтап тұрмын. Әзірге бұл қатынның түзелуін күтемін.Ол маған қазақша сөйлеп, бүкіл адамдарды түзеп беруі керек.
Қазір бетімен кеткен қатындар көп. Оларды түзеу үшін маған Баян мен Динара керек.
Дәл қазір менде Баянды үйінен шығармайтын қылатын ақпарат дайын тұр. Қазір ол бір жерін қысса, қысады. Қыспаса, мен оған асылып өлетін қағаз дайындап қойдым", деді.