«Сабақ кестесі намаз оқуыма кедергі» деген қыз жауап берді

0
2176

«Университеттегі сабақ кестесі намаз оқуыма кедергі келтіруде» деген Айдын қыз өзі туралы шыққан ақпаратқа жауап берді деп жазады Democrat.kz.

«Ел не демейді, есек не жемейді. Барлық оқырмандарым сол посттың астына мені белгілеп, таныстарым жазып жатыр екен. Шыны керек маған бәрібір. Бәрін бір Аллаһқа тапсырдым» деп жазба қалдырған студент қыз қазіргі уақытта ТикТок парақшасында белсенді түрде діни дәріс өтіп жүр.

Мұнан бөлек Айдын қыз «қаза намаздарды» қай уақытта, қалай оқу керегі туралы көрерменіне уағыз-дәріс берді. «Жұмыста немесе сабақта болып, намазыңызды уақытында оқи алмай қалсаңыз, не істеуге болады? Бесін намазын мысалы, азан шақырғанын естідіңіз дейік. Бәрін тастай салып, дәретіңізді алып, намазыңызды оқыңыз» деген студент қыз қорыта айтқанда, дүние төңкеріліп кетсе де, намазыңды қаза етпей оқы дегенге саятын ақылын берді.

Фото Айдынның парақшасынан скринделіп алынды. 

@aidynnn2

Намазға келгенде ешқандай жұмыс та сылтау да әсер етпеуі керек✨#намаз #дұға

♬ الصوت الأصلي — 𝑆𝐴𝐿𝐼𝑀❤️‍🩹🎵