Сәбит Әбдіхалықов балаларынан кешірім сұрады

0
209

Кезекті бір сұхбатында актер Сәбит Әбдіхалықов жан сырын ақтарып өзінің ішкі сырымен бөлісті деп жазады Democrat.kz.

Әлеуметтік желіде тараған қысқаша видеода Сәбит Әбдіхалықов өзінің әкесіне еркелей алмағанын айта келіп: «Дұрыс әке бола алмаған болсам, әкелік  парызымды дұрыс орындай алмай жүрсем, мен перзенттерімнен әке ретінде кешірім сұраймын. Барлық балаларымды жақсы көремін. Әр балам дүниеге келгенде қуандым. Ана балама ерекше, мына балама басқаша қуанбадым, бәріне бірдей қуандым. Бәрін бірдей жақсы көремін. Қастарында бірге өмір сүре алмағаным үшін барлық балаларымнан кешірім сұраймын», -деген ол құдайдан барлық баласы үшін игі тілектер сұрайтынын да тілге тиек етті.

Фото интернеттен алынды.