Салмақ тастаудың төте жолы
Артық салмақ тек сізде ғана емес, әлемнің басты проблемасына айналды. Бұл туралы дүние жүзіндегі дәрігер біткен бас ауыртуда деп жазады Democrat.kz.ақпараттық порталы.
Қазіргі кезде «семіріп кеттім, арықтау керек» деп ойламайтын адам кем де кем шығар. Адамның шектен тыс салмағының артуына байланысты диетолог, эндокринолог дәрігерден бастап, басқа сада мамандары да дабыл қағуда. Біздің тілмен айтқанда, «ең семіз» адамдар АҚШ, Жаңа Зеландия, Венгрия мен Мексикада өте көп екен.
Ал артық салмақ проблемасы жоқ адамдардың басым бөлігі Жапония мен Оңтүстік Кореяда тұрады екен. Жағдайды салыстырып қарасақ, әрине артық салмақ жинауға байланысты ең бірінші адамдардың ас-суына қатысты тоқталуға тура келеді.
Фастфудпен қоректенетін америкалықтар мен теңіз өнімдерін көп тұтынатын жапондардың денсаулығын салыстырудың өзі күлкілі-ақ.
Алайда артық салмақ тек қана ас-сумен байланысты емес екен. Адам ағзасындағы түрлі гормондардың қызметімен тікелей байланыстағы құбылыс — осы салмақ көрінеді.
Швейцариялық эндокринолог мамандар адам уақытылы ұйықтап, 8-9 сағаттық ұйқы нормасын орындамаса, артық салмақ жинап, семіздікке ұшырайды дейді.
Дене қалпын дұрыс сақтауда ұйқының маңызы зор екенін айтқан мамандар егер адам түнгі 23-00-ге дейін ұйықтамаса денсаулығында үлкен ақаулар туындайтынын алға тартады.
Бір рет қана түнгі 23-00-ден кейін ұйықтау — үш тортты бірден жегендей әсер береді. Үш торттан қанша салмақ қосуға болатыны бесенеден белгілі. Демек, уақытылы ұйықтамайтын кісі дене салмағы туралы ойланғаны дұрыс.
Егер артық салмақтан арылғыңыз келсе, түнгі сағат 23-00-ге дейін ұйқыға жатып, таңертең 7-8-де оянуды әдетке айналдырыңыз.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.