Самокатшылар сорымызды қайнатуда

0
419

Тағы бір азамат самокаттан зардап шегіп, видео үндеу жолдады деп хабарлайды Democrat.kz. ақпараттық порталы.

Әлеуметтік желілерде тараған видеода көз жасын тыя алмаған келіншек өзін самокат айдаған адам қағып кеткенін айтады.

«Неге самокат айдағандар жазаланбайды? Қазір ғана мені қағып кеткен бірі тоқтамаған күйі кетіп қалды. Әбден ығырымызды шығарып бітті! Тротуарда емін-еркін жүре алмайтын болдық» деген ол тиісті орындар неге самокат айдағандарды тәртіпке салмайды дейді.

Самокат деген расымен де берекемізді қашырып бітті. Сумаң етіп жаныңа қашан келіп қалғанын байқап үлгермейсің. Ең сорақысы, үлкені де, кішісі де сол пәлеге мініп алып шабады да жүреді.

Тротуар — жаяу жүргіншіге арналған қауіпсіз жол. Алайда біздің самокат айдағыштар тротуарды меншіктеп алғандай ойқастап жүреді. Жаяу жүргіншіні қағып-соғып кете береді.

Бағдаршамның жасылы жанса да жаяу жүргіншінің арасынан зуылдап өтіп бара жатқаны.

Заң бойынша жасыл бағдаршамда велосипедші велосипедінен түсіп, жаяу өтуге тиіс. Ал самокатшыға бұл талап жүрмей ме?

Самокатшы мен велосипедшіге арнайы жолақ берілмесе, мынадай жағдай қайталана берері сөзсіз.

Фото интернеттен алынды.

@amanda_ib

Это очень большая проблема, и я все же надеюсь, что государство начнет что то делать с ними

♬ оригинальный звук — Аманда, но не Байнс