«…сенің айғыр байың болам» дейтіндер сахнада ән салып жүр
Балаева «айда» жүр, ал, Қарин қайда жүр? Өз құлағыма өзім сенбей, әбден умаждап ұстап көрдім: сөйтсем, өз құлағым екен…
Ал, сол құлақтың естіген былдыр батпағы мынау:
Ақ парақтайын сенің пиғылың,
Еліктіреді дене қимылың,
Сұлулықтың белгісі фигураңыз,
Ақ бұлақтайын сыңғырлайды үнің,
Арналып жатыр тыңдауға әр күнім,
Көлігісің шетелдік маркының сен.
Қайырмасы
Сағым аймалашы көзімді,
Жалын шарпы кел де тәнімді,
Бағыт берші маған бағыт бер,
Жүрегіме сыйлық алып кел.
Ал менің саған сезімім айқын,
Өзің білсең әрбір қазақ айғыр,
Айғырбайдың жемін соған сай қыл,
Әйел мойын қылып жүрме маймыл,
Болмасам да Жексенбаев Майкл,
Менің шексіз әнім болып айтыл,
«Айналдырып алмасын» деп қайғыр,
Себебі, оның байың сенің айғыр.
Мен кеш келіп тапа-тал түске дейін,
Үйықтап жатсам да,
Менің ренжімейтін жарым боласың,
Сенің еркелейтін жарың боламын,
Сен көзілдірігіңнің орнына дүрбі тағып алсаң да,
Маған ұнай бересің,
Саған қурай беремін.
***
Бұл не сұмдық?
Бір атамыз айтпақшы: «Мұндай сорқылықты соғыс кезінде де көрген жоқ едік…»
Бажайлап іздесем, бізде қойдың құмалағындай ыбырсыған әншісымақтардың арасында «Aro — Aigyr» («АРО-АЙҒЫР») дейтін де сандуғаш бар екен.
Не сөзі, не сазы (әуені), не дауысы жоқ…
Талғам деген әлі туылмаған…
Ал, енді мына сандырақтың атын айқайлатып, «Айғыр» деп қойыпты.
Сонда, біздің мәдениет пен әдебиет, өнер мен тәртіп қайда?
Жақсы, Балаева ханым министрлік лауазымының буынан шыға алмай «айда» жүрсе, әлгі тәліптерді тәпсірлегіш Қарин қайда жүр?!.
Қажымұқан ҒАБДОЛЛА, журналист.
Facebook жазбасы.
Фото автордың парақшасынан.