Серік Ибрагимов әкесіне жаңа көлік сыйлады

0
33

Танымал қазақстандық әнші Серік Ибрагимов әкесіне жаңа көлік сыйлады. Б

«Арманым орындалды. Отбасымыздың атынан Айнамкөз екеуміз ақылдасып, әкемізге тосынсый жасап, салоннан жаңа көлік мінгізгелі жатырмыз», — деді әнші.

Ол әкесіне жол талғамайтын ақ түсті көлік сыйлады.

«Әке-шешеге құрмет өзіңнің алдыңа да келетін дүние. Сондықтан баршаңызға осындай бақытты сәт, қуанышты жағдай жұғысты болсын деп тілеймін», — деді Серік Ибрагимов.

Желі қолданушылары әншінің парақшасындағы видеоға пікір қалдырып, тілектерін жаудырды.

«Құтты болсын», «Әкемізге көлік сыйлайтын күн бізге де тусын», «Досым, көп адамға үлгісің», «Баршамызға ата-аналарымызға көп жақсылық жасап, разылығына бөленуді нәсіп етсін», — деп жазды желі қолданушылары.

Еске сала кетейік, осыған дейін Серік Ибрагимов әйелі мен өзіне алған қос көлікті көрсеткен еді.