Шымкент Білім басқармасы мұғалімдер мен ата-аналарға ескерту жасады

0
283

Әлеуметтік желіде тараған қысқа видеода Шымкент қалалық Білім басқармасының өкілі алдағы келе жатқан мерекеге байланысты ескерту жариялаған деп жазады Democrat.kz.

Басқарма өкілі мерекеге байланысты мұғалімдерге сыйлық беруге, сыйлыққа, мерекелік кешке ақша жинауға заңмен қатаң тыйым салынатынын айтып:

«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін, Білім басқармасы осындай шараларға байланысты қатаң ескерту жасайды. Мұндайға жол бергендерді заңмен жазалайтынын ескертеді», — деді.

Шымкент қалалық Білім басқармасы таратқан бұл видео роликке қатысты «жинап қойдық уже. Керемет болсаңдар, сол 1000 теңгені аңдымай, миллиондарды қырып жатқан жемқорларды қатаң қадағалаңдар қадалағыштар!», «мұғалімдердің ай сайынғы қалтасынан қанша мыңдаған ақшаға көрнекілік, стенд жасатуды неге қатаң бақылауға алмайсыз?», «иә, сен сөйлей бер, уже жұрт жинап қойды», «почему именно мұғалімдерді көріп қалады?» деген сыңайда пікірлер жазып жатыр.

Фото көрнекілік үшін.

@snkz.media

Шымкент қаласының Білім басқармасы 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне ақша жинауға тыйым салынатынын ескертті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. Білім басқармасы наурыздағы мерекелер қарсаңында ата-аналардан, ұстаздардан, студенттер мен оқушылардан түрлі мақсатта ақша жинауға қатаң тыйым салынғанын ескертеді. ҚР заңнамасына сәйкес алдағы мереке күні білім беру ұйымдарының ұстаздарына, әкімшілікке, кез келген қызметкерге сыйлық беру, мерекелік кештерге ақша жинауға қатаң түрде тыйым салынады. Осыған орай барлық білім беру ұйымдары бұл талаптарды қатаң сақтауға тиіс, — деді басқарма өкілі. Мекеменің мәліметінше, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және әлеуметтік теңдікті сақтау мақсатында кез келген материалдық құндылықтарды жинауға жол берілмейді. Білім басқармасы бұл талаптардың орындалуын қатаң бақылауда ұстап, заң бұзушылықтар анықталған жағдайда тиісті шаралар қабылдайды.

♬ original sound — sn.kz