Сирия бөлшектеніп-бөлінуді бастаған ба?

0
28

Үш күн бұрын Cирияның оңтүстігіндегі 6 ауылдың тұрғындары Израильге қосылу туралы ұсыныс білдірген еді. Бұл туралы CNN жазды.

«Ұсынысты аталған ауылда тұратын друздар айтқан. Друздар билікке келген топтар этникалық және діни сипатта қудалау жүргізеді деп қорқуда.

Әлеуметтік желіде алавиттерді қудалаудың көріністері бар видеолар тарауда. Друздар бұл жағдайдың өздеріне қатысты қайталануы мүмкін деп санайды.

Друздар Голан жоталарына жақын орналасқан Сирияның 6 ауылын Израильге қосуды ұсынып отыр. 1967 жылы Израиль Голан жоталарын оккупациялаған сәтте, друздардың 4 ауылы Израиль билігінің қолына өтті. Қазіргі таңда ол ауылдарда 24 мың адам тұрады», — дейді басылым.

Қазіргі таңда Израильде 250 мыңға жуық друз бар. Премьер Нетаньяху Израильдегі друздардың басшысы Мавафек Тарифпен кездесіп, друздардың Израиль мен Сириядағы қауіпсіздігі жайлы сөйлескен.

Соғысқа дейін Сирияда 700 мыңға жуық друз болған. Қазіргі таңда олардың саны қанша екені белгісіз. Друздар ДАИШ лаңкестерінен зардап шеккен ұлттардың қатарында.

Ал  Ynet порталы Израиль билігі Голан жоталарын игеру туралы жоспарды қабылдады деп жазды. Нетаньяху үкіметі жоспарды бекіткен.

Жоспар бойынша Голан жоталарындағы тұрғындар санын екі есе арттыру және жаңа инфрақұрылым кешендерін дамыту көзделіп отыр екен.

Израиль Голан жоталарын 1967 жылы Сириядан оккупациялап алғанын білесіздер.

Суретте: Қызыл түс – Израиль 1967 жылы оккупациялаған Голан жоталары, жасыл түсте БҰҰ әскерінің бітімгерлік күштері тұр, күлгін түс – желтоқсан айында Израиль әскері бақылауына алған Сирия жері.

Таяу Шығыста үлкен өзгерістер болып жатыр…

Асхат ҚАСЕНҒАЛИ, журналист.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.