«Сирияда ешқашан соғыс тоқтамайды» дейді уағызшы
Кейбіреулер сүйіп тыңдайтын, әр сөзін алтынға балайтын Нұрсұлтан Рысмағамбетұлы уағызшы қызық бір жағдай туралы айтты деп жазады Democrat.kz.
«Әмина (пайғамбардың анасы) анамыздың жатырынан шыққан нұр Шам жерін (Сирия аймағын) нұрландыруы — бұл жердің кіндігі Шам жері болатынына дәлел болды дейді. Ислам әлемін құртқың келсе, Шамды құрт дейді. Шамды құрт дегені — Сирияны, Палестинаны, Йорданияны, Ливанды құрт деген сөз. Құртып жатыр ма?Шам жері 50 жыл тыныш өмір сүрген емес. Үнемі соғыстың астында. Өйткені ол жерді тыныш қоюға болмайды. Өйткені ол жер — өзек болып табылады», — дейді уағызшы.
Фото интернеттен алынды.