Тағы да дүмшелер қамауға алынды
2-3 мамыр күндері Астана және Павлодарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті ІІМ-мен бірге және прокуратура органдарының үйлестіруімен Қазақстанның үш азаматын ұстады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Олар терроризмді насихаттады және республика аумағында тыйым салынған діни-экстремистік ұйымның қызметіне қатысты деген күдікке ілінді.
«Олар терроризмді насихаттады және республика аумағында тыйым салынған діни-экстремистік ұйымның қызметіне қатысты деп күдіктеліп отыр. Тінту барысында діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер алынды.
Күдікті адамдар бұрын жалпы қылмыстық және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін сотталған», — делінген хабарламада.
Фото ашық дереккөзден алынды.