Таиландта қазақстандық жол апатынан қаза тапты

Қазақстандық Таиландта жол апатынан қаза тапты.
Telegram-арна мәліметінше, 1 сәуірде түнгі сағат 00:45 шамасында ер адам айналма жол бойында мотоциклді қатты жылдамдықпен айдап келе жатқан. Бір уақытта мотоциклді басқара алмай, жарық бағанасына соғылған. Денесі қатты соққыдан екіге бөлініп кеткен.
Таиланд билігі марқұмның жеке басын анықтау үшін ұялы телефонын қараған. Оның экранынан орысша сөздерді көрген соң, оны «Ресейден келген турист» деп есептеген. Кейіннен Пхукет ауруханасы оның жеке басын анықтаған. Ол сол жерде тұрып, жұмыс істеген Қазақстан азаматы болып шыққан.
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта марқұм туралы расталған ақпарат жоқ.
Айта кетейік, бұған дейін Пхукет провинциясындағы Майтон аралының жанындағы жағалауда туристер мінген қайық жарылып кеткен еді. Оның бортында қазақстандық демалушылар да болған.