"Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес, білім беру мекемелері зайырлы және діни болып бөлінеді, ал діни оқу орындарының қызметін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитеті реттейді.
Алайда, техникалық және кәсіптік білім департаменті өз жауабында колледж-медреселер техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) бағдарламаларын жүзеге асырады деп мәлімдеген, бұл қолданыстағы заңнамаға қайшы келеді.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 3-бабына сәйкес, білім беру қызметі зайырлылық қағидаттарына негізделуі тиіс, ал осы заңның 14-бабына сәйкес, діни ұйымдар зайырлы білім беру мекемелерінің қызметіне араласа алмайды.
Сонымен қатар, колледж-медреселердің құрылтайшысы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) болып табылады, бұл олардың діни бағытта екенін айғақтайды.
Бұл Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген зайырлы білім беру қағидаттарына қайшы келеді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 500 бұйрығына сәйкес, «Исламтану», «Теология» және «Хадистану» мамандықтары техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтарының классификаторына енгізілген.
Алайда, бұл мамандықтар техникалық немесе кәсіптік салаға жатпайды, себебі олар діни ғылымдарға жатады және техникалық-кәсіптік біліммен байланысты емес.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, оқу-ағарту министрлігінен талап етемін:
1.Колледж-медреселердің қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан тексеру жүргізуді
2.Аталған діни мамандықтар бойынша кадр даярлауды техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі аясында мемлекеттік қаржыландырудың заңдылығын түсіндіруді
3.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 500 бұйрығын «Исламтану», «Теология» және «Хадистану» мамандықтарын техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтарының классификаторына енгізу бөлігінде жарамсыз деп тануды, себебі бұл мамандықтар техникалық және кәсіптік білімнің талаптарына сәйкес келмейді және тек діни ғылымдарға жатады.
Аталған шағым қанағаттандырылмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес, өз құқықтарым мен заңды мүдделерімді қорғау үшін сотқа жүгіну құқығым барын ескертемін" деген қоғам белсендісі Әсел Таухан қазақстандықтарды өзін қолдауға шақырды.
"Бүкіл облыста "колледж" деген айдар таққан медреселер бюджеттен ақша алып, имам-молда санын көбейтіп жатыр.
Әркімнің діни сеніміне құрметпен қараймыз. Алайда зайырлы елде имам-молданы көбейтетін діни оқу орнына бюджеттен ақша бөлу заңсыз.
Жалпы, елестетіп көріңізші, екінің бірі имам болса, бұл елдің ертеңі қандай болмақ? Діншіл адамның көксейтіні - шариғатпен өмір сүру. Олай болса, Қазақстанды шариғатпен өмір сүретін Ауғанстан секілді елге айналғанын қалайсыз ба?
Еліміздің ертеңін ауған еліндей көргісі келмейтін әрбір азамат Әсел Тауханның бұл бастамасын рухани және қаржылай қолдайды деп үміттенеміз" деген "Демос" қоғамдық ұйымының төрағасы Тұрарбек Құсайынұлы Әсел Тауханның есепшот (4400430219907539 KaspiBank) нөмірін жариялады.
Фото көрнекілік үшін.
"Талабым орындалмаса, Оқу ағарту министрлігін сотқа беремін" деді қоғам белсендісі

-
Үкімет өңдеу өнеркәсібінің өсу қарқыны жөніндегі жол картасын әзірлемек13:30, 19 желтоқсан 2025
4
-
Журналист елбасының тоқалына қатысты құпияны жариялады13:00, 19 желтоқсан 2025
95
-
Мемлекет басшысы Sumitomo компаниясының президентін қабылдады12:30, 19 желтоқсан 2025
32
-
Астанада суррогатты алкогольдің көтерме саудасы анықталды12:15, 19 желтоқсан 2025
18
-
"Баламды қазақ мектебінде оқытпағаныма өкінемін" деген әйелдің сөздері жұртқа үлкен ой салды12:00, 19 желтоқсан 2025
141
-
Тоқаев Rakuten Group компаниясының басшысын қабылдады11:30, 19 желтоқсан 2025
31
-
Зейнеткер сотта әділдікті талап етіп, жеңіске жетті11:23, 19 желтоқсан 2025
25
-
"Жас қызға құмарта қараған" Тұрсын Алагөзов сынға қалды11:00, 19 желтоқсан 2025
130
-
Айдана Меденова: "Қоштасуға себеп бар"10:24, 19 желтоқсан 2025
147
-
Мемлекет басшысы Токио губернаторы Юрико Коикэмен кездесу өткізді10:04, 19 желтоқсан 2025
33
-
Мұқағали Мақатаев туралы ел естімеген сұмдық жазба шықты
11:00, 18 қыркүйек 2025
31740
-
"Төсегімізге сыймай жүрміз" дейді Кенжебек Жанәбілов
16:34, 17 қыркүйек 2025
17425
-
ҚТЖ-ны қарызға батырған Мәмин туралы сұмдық деректер шықты
11:00, 10 қазан 2025
17314
-
Салафиттердің былығын ашқан Рания оларды "майсыз табада қуырып жатыр"
13:00, 10 желтоқсан 2025
17052
-
Тұрсынбек Қабатовтың шешесі баласының тоқалына қатысты не айтты?
17:15, 03 қараша 2025
12186
-
Әнші Мәдинаның жиіркеніп, тыжырынғаны жұрттың ашуына тиді
14:00, 12 қазан 2025
11238
-
"Мұғалімдер есеңгіреп қалды, тозды, шаршады" дейді ардагер ұстаз
15:00, 29 қыркүйек 2025
11141
-
"Туған күніңмен, махаббатым!" деген Баян күйеуіне ерекше сыйлық жасады
12:00, 17 қыркүйек 2025
10212
-
"Маскадағы адамның" кім екені белгілі болды?
14:00, 19 қазан 2025
9985
-
Пәтер, көлік сатқанда азаматтар білуге тиіс ережелер
13:00, 16 қараша 2025
9296