«Тәңірші емес, мұсылманмын» дейді ақын
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын, депутат Дәулеткерей Кәпұлы өзін «тәңірші» деп сынағандарға жауап берді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол ADAL Adam Youtube-арнасына берген сұхбатында бөлісті.
«Менің тілімдегі тіркес қой. «Тәңір жарылқасын», «Тәңір тілеуіңді берсін», «Бер, Тәңір, 500 жылқы» секілді. Бұл Құдайға серік қосу емес, Құдайдың бір аты деп таныған қазақ, Тәңір деген сөзді Абай да қолданады. Сондықтан сол 1-2 тіркеске бола мені «тәңірші» деп айтқандар өзі білсін. Маған келіп-кететін нәрсе жоқ. Талай нәрсе көрдім. Кімге жауап бересің?! Мен — «өз Құдайым жүрегімде» деп айтқан қазақпын. Мен — халық жауы болып ұсталған молданың немересімін. Сондықтан адам сыртынан тон пішкендер өзі білсін. Бата қылатын мұсылман қазақпын. Оған күмәніңіз болмасын», — деді ол.