Тоқаев Тоһәға қандай құрмет көрсетті?

0
261

Құранның әр әрпін қолымен жазып шыққан каллиграфқа Тоқаев шапан жапты деп жазады Democrat.kz. Ақпараттық порталы әлеуметтік желідегі juldyzdar-news.kz ке сілтеме жасап.

Біраз уақыт бұрын ғана Қасиетті Құран кітабын қолмен жазған әйгілі каллиграф шейх Осман Тоһәнің қазақ екені белгілі болды. Бұл туралы жылдың басында дінтанушы Аманкелді қажы Еренғайыпұлы хабарлап, сүйіншілеп видео жариялаған еді. Мәдина қаласында тұратын шейхтің шаңырағында болып қайтқан дінтанушы кетерінде оны Қазақстанға шақырғанын айтқан.

”Жақында Осман Тоһә Шымкенттегі үлкен мешіттің ашылу салтанатына келді. Іс-шара барысында қала әкімі көпшілікке Мемлекет басшысының құттықтауын жеткізіп, қасиетті Құранды қолымен жазған шейх Осман Тоhәге сый-сыяпат жасап, шапан жапты” деп жазады juldyzdar-news.kz.

Фото видеодан скриндеп алынды.