«Төреш өте қызғаншақ» деген әйелі Толқын отбасылық сырын бөлісті

Жұлдыз Әбдікәрімоваға берген сұхбатында әнші Төреғалидың әйелі Толқын отбасылық құпияларымен бөлісті деп жазады Democrat.kz.
Толқынның айтуынша, әнші Төреш өте қызғаншақ екен. «Әсіресе, алғаш үйленген кездері Төреш қызғанышын жасыра алмайтын. Өте қатты қызғаншақ. «Сезімі бар адам қызғанады» дейді ғой. Уақыт өте келе оның бұл мінезіне үйрене бастадым. Қазір ондай қызғаныш сезімі болып жатса, «соған бола ма?» деп екеуіміз бір бірімізді түсінуге тырысамыз. Десек те, Төреш менің әр уақыт үйде отыратынымды білсе де, концертінің алдында болсын, сахнаға шығып бара жатса да «қайдасың?» деп қоңырау шалатыны бар. Атамыз да сондай қызғаншақ болған екен» дейді әнші Төрештің әйелі.
@b_altynbekova2 #толқынтұрарбекова #төреғалитөреәлі #меніңтолқыным💙 #рекомендации