Трамп пен Зеленский кездесу: Үшінші дүниежүзілік соғысына есік аша ма?

0
369

Елдің бәрі шок жағдайда. Трамп пен Зеленский арасындағы дауды талқылап жатыр. Енді не болады дейді. Дым да болмайды. Ешқандай да үшінші д/ж соғыс болмайды, ол Трамптың сүйікті клишесі.

Қысқаша былай — Трамп пен Вэнс тілшілерді шақырып тікелей эфирде Зеленскийді ықтырып алғысы келді. Зе әрі-бері шыдап еді, болмады, қарсы жауап берді.

Бар болғаны сол ғана. Артынан Трамп Флоридадағы үйіне ұшып бара жатып Зе соғысты тоқтатуға дайын емес екен, анау екен, мынау екен деп оттады, дұрысында өздері дайын емес, әдейі ұйымдастырған шоу болып шықты. Бұған РФ БАҚ-тары бөркін аспанға атып қуанып жатыр.

Мен қару бердім дегені өтірік, керісінше Трамптың қарсылығына қарамастан, аса беделді респ-шылдар Маккейн мен Пентагон басшысы Мэттистің күштеуімен Трамптың кезінде Жарлыққа қол қойғызған болатын, ол тарихты ұмытқанымыз жоқ. Бұл ақырында Трамптың бірінші импичментіне алып келген болатын. Қару бермей біраз қанды ішкені бар.

Осында пікір жазғандар да екіге айырылды. Не де болса көну керек еді дейтіндер мен дұрыс болды дейтіндер. Мал сияқты көну керек еді дейтіндерді қолдамаймын. Украинаның жалғыз соғысқаны рас, бастапқы кезде жалғыз қалды.

Осымен әзірге тәмам. Көрейік, кім қалай құбылар екен. Маған ақыл үйретуші бірқатар кісілерге айтарым — нервілеріңізді сақтаңыздар, мені оқымай-ақ қойыңыздар. Дұрысы сол. Басқа жерге барып айтысыңыздар, 70-ке жақындағанда енді бұрынғы қалыптасқан көзқарасымды өзгертем деп айта алмаймын.

Ертеңге Стармер үлкен еуропалық саммит шақырып жатыр, осы мәселені талқылауға Лондонға жинап жатыр. Көп мәселе сонда шешілуі тиіс. Көрерміз. Украина жалғыз емес. АҚШ қолдамаса одан әрмен. Бұлар оған есеп жасап отырған да жоқ негізі, тек дипломатия үшін, сенсіз қиын болады деп АҚШ-тің көтіне көпшік қойып қана отыр. Керек болса украин халқы жалғыз соғысады.

Қуаныш ЕДІЛХАН, сарапшы.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін.