Түрік имам-хожалары агностикке не деп жауап берді? (ВИДЕО)

0
700

Таяуда ақпараттық порталымызда түркиялық Диамонд Тема атты 30 жасар агностик жігіттің күллі Түркия мұсылманын дүр сілкінткенін хабарлағанбыз.

Ол мақаламызда Диамондтың “Пайғамбар Мұхаммед 54 жасында 9 жасар Айшаға үйленді. Пайғамбардың бұл әрекетін қалай бағалауға болады?” деген сауалы мұсылман қауымын шулатқанын жаздық.

Диамондтың сұрағына қатысты Түркияның ең үлкен имамдарынан бірі, құрметі асқан хожа, танымал дін өкілі  Хүсейін Чевик не деді?  Төменде видеосын да жариялап отырмыз. Алайда сіздерге түсінікті болуы үшін олардың айтқандарын сөзбе-сөз аударып беруді жөн санадық.

“Құдай сақтасын, Айша анамыз 9 жасында пайғамбармен төсектес болған дейді. Адам (Диамондты айтып отыр — ред.)  “ұятсыз” демеді дейді. “9 жаста төсектес болу ұят емес пе?” деп отыр. Бұл не демек? “Ұятсыз” деп отыр ғой! Аллаһ, Аллаһ! Жарайды, ашуланбаймын, әйтпесе “настройкам” (түрік тілінен тікелей аударылды — ред.) бұзылып бастады.

Диамондқа айтарым жоқ! Ол мұсылман емес, ондайлармен не сөйлесерсің? Айтпағым, біздің видеолардың астына жазылған 90 пайыз пікірдің “мен мұсылманмын, алайда Диамондтың сұрағы орынды, ол дұрыс айтып отыр” депті. Аллаһ! Аллаһ,

Құран үшін сұраймын, Пайғамбарымызды сүйетін мұсылмандар үшін сұраймын, “Пайғамбарымыздың 6 жасар қызбен төсектес болды” деген де бар, астағыфируллаһ! Мұндайды әлемнің басшысы пайғамбарымыз жасады дей аласың ба? Оған Меккенің бүкіл қызын саған берейік дегенде қабыл етпеген адам.

Пайғамбардың үйленген әйелдері жесір, жалғызбасты әйелдер еді. Айтып отырып, ұялып отырмын Аллаһым! Диамонд имам Бұхаридың хадисінен алып отыр дейді. Досым, хадистің де хадисі бар. Мысалы, “алкоголь ішіп, намазға жолама” деген хадис бар. Мұны оқыған кейбіреулер “демек, мас күйде намаз оқуға болмайды, ал кейін оқуға болады” деуі мүмкін бе? Иә.” деген имамның бос сөздеріне тоқталмай, негізгі айтпағын көрсетейік: “Диамондты бұрын 5-10 мың адам тыңдаса, қазір жүз мыңдаған адам тыңдап, миллиондаған пікір жазуда.

Қысқасы, Яшар Нуридің зерттеуінде “Айша анамыз пайғамбармен үйленгенде жасы ең азы 18-де болды” дейді. Ал олар имам Бұхариді оқып, сұрақ қойып отыр. Ескіде арабтарда қыздарды тірідей көметін.

Оларда қыздың әйел болу жасы 10-11 жас саналды. Арабтарда 10 жастан кейін 1 жас деп саналды” деген имам “Бұхари айтқан хадистегі Айша анамыздың 6 жасына тағы 6 жасты қосамыз” деп аяқ жағында имам Хүсейін хожа қауымына айғайлап, ренішін айтты.

Келесі мақаламызда да Диамондқа қарсы түрік имам-хожалардың осындай дәлелді, салмақты жауаптарын береміз.

Фото ашық дереккөзден алынды.