Түркияда топалаң басталды ма? (ВИДЕО)
Түркияда халық «Босқындар еліне құрысын!» деп наразылық шеруіне шықты. Дәл қазіргі сағаттарда Кайсери, Газиантеп, Хатай және басқа да қалаларда да жұрт жаппай көшеге шығуда деп хабарлайды Democrat.kz. ақпараттық порталы түркиялық басылымдарға сілтеме жасап.
Түркияның ақпарат порталының дерегінше, жағдай Кайсери қаласындағы сириялық босқын 5 жасар қызды 26 жасар немере ағасының зорлауынан бастау алған. Оқиға туралы естіп-білген Түркия азаматтары бас көтерген.
«Елімізде өз қарындасын қорлаған босқындар басқаларға жаман үлгі көрсетуде. Осындайлардың кесірінен бүкіл Түркия халқын қазір щетелдіктер «жезөкше еркектер елі» деп атайтын болған. Сириялық босқындар елімізге кірген күннен бастап, әр күн осындай оқиғалар жиіледі. Бүгінде Түркияда 13 миллионнан астам Сирия, Ауғанстан, Ирак, Иран, Пәкістан сынды елдерден босқындар босып жүр. Аты аталған ел халқының қандай екенін біз айтпасақ та, түсінерсіздер», — дейді бізбен сұхбатында стамбулдық Барыш Аджар.
Наразылыққа шыққан түріктердің президент Ердоғанға қойған талабы — босқындарды еліне қайтару. «Сирияда қазір соғыс жоқ. Кезінде соғыс деп елімізге кіргізді. Алайда сол келген босқындар бұл күнде бізге әмір беріп, бізді езуге себеп іздейтін болды. Өз елімізде емес, дәп бір Сирияда жүргендейміз. Жетер! Босқындар еліне кетсін! Өз қарындасын аямаған бізді аямас. Негізінен жұрттың көшеге шығуына осы оқиға түрткі болды. Онсызда халық босқындардың сорақы әрекеттеріне бұған дейін де ызалы еді. Ал мына жағдай сол ызаны ернеуінен асырды,»- дейді кайсерилік Сервет Демироғлы.
Оқиғаға байланысты Түркия Ішкі істер министрі Али Йерликайа сириялық босқынның өз қарындасына жасаған зорлығы үшін қамауға алынғанын және осы оқиғаға байланысты наразылыққа шығып, тәртіп бұзған 67 адамды да полиция тұтқынға алғанын мәлімдеді деп хабарлады Mynet.com. ақпарат порталы.
Дәл қазіргі кезде Түркияның Бүикшехир, Стамбул, Измир т.б қалаларының жұртшылығы да Туиттер желісінде наразылыққа шығуға әзір екенін білдіруде. Осы және басқа да ақпараттардың видеоларын төмендегі сілтемеге өтіп көре аласыздар.
Автор, Ұлжан БАҚЫТ.
Democrat.kz.
https://x.com/BusraamaS/status/1807726353342459958?t=u1X46LKnhLGIs3-YUQJ4dw&s=09
https://x.com/ladoca12/status/1807603616141672601?t=vzcriXwUfxXkYrXGm9dk6g&s=09
https://x.com/Darkwebhaber/status/1807846737526378562?t=Rpl4zC7DcVUykIzTA9QR_Q&s=09
https://x.com/koruug/status/1807839050750923019?t=OKfqpbRMlEKU1_2dWbybVQ&s=09
Фото видеолардан скрин жасалып алынды.