Ұлттық құрылтай құрамынан кімдер шығарылды?

0
215

Ұлттық құрылтай құрамы жаңарды. Құрылтайдың жаңа мүшелері – Қарлығаш Жаманқұлова, Данияр Қадыров, Лев Тараков, деп хабарлайды Informburo.kz.

Ұлттық құрылтай құрамында ротация жасалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. 

Ұлттық құрылтайдың жұмысына жұртшылықтың жаңа өкілдері:

«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының президенті Қарлығаш Жаманқұлова;

«Отандастар» қорының президенті Данияр Қадыров; 

«Время» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Лев Тараков.

Ұлттық құрылтай құрамынан Арман Қашқынбеков, Денис Кривошеев, Абзал Сапарбекұлы шығарылды.

Фото интернеттен алынды.