Утильалымды алып тастаса, көлік арзандай ма?

0
670

Утильалымды алып тастаса, не болады? Автокөліктер қаншалықты арзандайды? Осы сұрақтарға жауап іздеп көрейікші.

Утильалымды жойса, көліктің бағасы 3,5-4 миллион теңгеге арзандайды деген жаңсақ пікір бар. Грузия, Қытай, Дубайдан көлік әкелсе, орташа 3-4 млн.теңге болады деп ойламау керек. Алайда бұл сомаға жеткізу мен кедендік рәсімдердің ақшасы да кіреді.

Утильалым 2л көлем күшіндегі көліктер үшін 646000 теңге болса, бірінші санаттағы көлікке -923 теңге шығыны шығады.

Шетелден көлік әкелу 650 мың теңгеге арзан шығады. Осынша сомаға автодиллерден алған көлік бағасы да түсер еді.

Алайда шетелден ескі көлік әкелуге де болады. Егер утильалым алынып тасталса, ондай көліктер анағұрлым арзандай ма?

Сонымен қатар утильалым үш жылдан жоғары көліктер үшін өте қымбат. Утиль көліктің шыққан уақытына емес, қозғалтқыш көлеміне тікелей байланысты.

Көліктің қозғалтқыш көлемі неғұрлым ауқымды болса, соғұрлым утильалым бағасы да өсе түседі.

Көліктің шығу уақыты бойынша бағасы бірінші санаттағы  автоларға тиесілі:

2 жылға дейін-923 теңге;

2 жылдан 3 жылға дейін — 184 600 теңге;

3 жылдан жоғары — 1 млн 846 мың теңге.

Бірінші санаттағы көлікке қатысты мәселе тек жанама түрде ғана айтылуда. Санжар Боқаев та бұл мәселеге аса тоқтала бермейді.

Жаңа көлік үшін «первичка» түк те емес, ал 2-3 жылдық көліктерге 184 600 теңге аса білінбейді. Үш жылдан асқан көлікке «первичка» өте жоғары пайыз қойылған.

Жұрттың бәрі жаңа көлікке отырып жатқанда, сізге ескі, үш жылдан асқан авто қажет бола ма? Мәселе — осында.

Шетелден ұрылған, соғылған, ұрланған, сырылған, мыжылған ескі көлікті сатып әкелудің қажеті бар ма? Мұнан бөлек ондай көлік үшін ешбір банк төмен пайызбен сізге несие бермейді.

Санжар Боқаевтың пікірінше, утильалым автонарыққа аса әсер етпейді. Утильалым мен «первичканы» алып тастаса, бүкіл жұрт су жаңа тойота мен кобальттарға қол жеткізе қалады деу қисынға келмейді.

Қозғалтқыш көлемі 2.0л болатын көліктердің утильалымы — 646 000 теңге, ал шыққан жылы 2 жылға дейінгі көліктің «первичкасы» — 923 теңге, нәтижесінде 646 923 теңге шығады.

Жұрттың талқыға салып отырған мәселесі де осы шыққан сомамен тікелей байланысты. Тек бір ғана сұрақ бар, қандай қисынға салсаңыз су жаңа көлік 4 млн теңгеге арзандауы мүмкін?

Әлия БОЛАТҚЫЗЫ,

Democrat.kz.

Фото интернеттен алынды.