Заттыбек Көпбосынұлының массонмен байланысы бар ма?
Әлеуметтік желіде тараған видеода әнші Заттыбектің массондармен байланысы бар деген дерек айтылуда деп жазады Democrat.kz.
ТикТокта nureke.kinoman атымен тіркелген тиктокер: «Заттыбек Көпбосынұлы — массон. Жақында P.Diddy ұсталып қалғанда, солардың бәрінің үстінен қарайтын адамның аты — Заттыбек екен деген сыбыс тарап жатыр. Бұған Заттыбектің өлең шумақтары себеп болған. «Мен кеткенде, сен кішкентай бүлдірген, бүлдіргеннің пісетінін кім білген», «Ақмаржан» өлеңі «белая вечеринка» туралы айтылған, ал «қозы-лақтың ойнағаны әдемі» дегені де, «қой десе де қоймадым» дегені демек, ол адамдарды қинаған. 2011 жылы P.Diddy біздегі балалар үйіне келген. Осыны себеп етіп, Заттыбектен бір тапсырма алу үшін келген шығар?»,- дейді тиктокер.
Осы мәселеге байланысты әнші Заттыбекке хабарласып, пікірін сұрамақ болдық. Алайда біздегі нөмірі ескі нөмір ме, әлде әншінің телефоны сөндірулі ме, сөйлесе алмадық.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.