Жаңа "Супермен" рөлін сомдаған актер 18 келі бұлшықет қосқан

Жаңа "Супермен" рөлін сомдаған актер 18 келі бұлшықет қосқан

Суперменнің жаңа рөлін сомдайтын актер Дэвид Коренсвет жанкүйерлерін өзінің физикалық түрленуімен таңғалдырды. Фильмге қатысу үшін ол шамамен 18 келі бұлшықет массасын қосқанын Tengri Life хабарлайды. Актердің салмағы 90 келіден 108 келіге дейін өскен.

Business Insider деректеріне сүйенсек, Коренсвет 2023 жылдың шілде айынан бастап сертификатталған жаттықтырушы Паоло Масчиттидің жетекшілігімен жаттыға бастаған. Мақсат — бодибилдингтегі шамадан тыс бұлшықетке ұқсамайтын, табиғи әрі қуатты Супермен бейнесін жасау.

Дэвид "push-pull-legs" жүйесі бойынша жаттыққан: бағдарламада базалық көп буынды жаттығулар мен жекелеген бұлшықеттерге арналған оқшауланған қозғалыстар болған. Ерекше көңіл core-бұлшықеттерін (тұлға тұрақтылығына жауапты бұлшықет тобы) шынықтыруға бөлінген — трюктер мен арқанға ілінетін көріністер үшін.

Актёр күніне 4500 калорияға дейін тұтынған. Азықтар табиғи өнімдерден тұрған: жұмыртқа, ет, балық, күріш, көкөністер және сүт өнімдері. Түсірілімге жақындаған кезде калория мөлшері 3500-ге дейін азайтылған.

Құрам үлесі: 50% көмірсулар, 30% ақуыздар, 20% майлар. Күніне 7 мәрте тамақтанған, оған ақуызды тіскебасарлар да кірген. Кейде өзіне "читмил" — мысалы, таңғы үлгідегі тәтті дәнді тағам немесе француз тосттарын жеуге рұқсат берген.

Мұндай режимді мамандардың бақылауынсыз қайталау ұсынылмайды. Жедел салмақ қосу мен жоғары калориялы тамақтану ағзаға ауырлық түсіруі мүмкін. Мұндай физикалық түрленулер — жеке тәсілді, диета іріктеуді, медициналық тексерісті және дәрігер, диетолог пен жаттықтырушының бақылауын талап етеді.

Жұлдыздардың жаттығулары — олардың кәсібінің бір бөлігі, онда әр қадамды мамандар мұқият қадағалайды. Басқа біреудің режимін ойланбастан көшіру — денсаулыққа қауіпті.

Бұл материал ақпараттық мақсатта берілген. Тамақтану тәртібін, жаттығу қарқындылығын немесе қоспаларды қолдануды өзгертпес бұрын міндетті түрде мамандармен кеңесіңіз.

Паоло Масчитти — фитнес саласында 20 жылдан астам тәжірибесі бар италиялық жаттықтырушы. Ол Голливудтағы ең сұранысқа ие жаттықтырушылардың бірі, Том Эллис, Кристиан Слейтер және Николь Шерзингер сияқты жұлдыздармен жұмыс істеген. Сондай-ақ ол бұрынғы кәсіби волейболшы.

Барлық жаңалықтар