Жартылай жалаңаш жүрген әнші қамауға алынуы мүмкін

0
73

Жартылай жалаңаш жүрген әнші Алтынбек Тәшімбетов қамауға алынуы мүмкін, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Журналист Михаил Козачков телеграм арнасында әншінің жартылай жалаңаш тұрған суретін жариялады.

Оқиға дүйсенбі, 19 тамызда болған. Дене жарақаттарын алған жартылай жалаңаш жүрген әншіні жедел жердем ауруханаға жеткізген. Тәшімбетов аурухананың қабылдау бөлмесінде шу шығарып, ресепшн терезесін қиратып, кезекші медбикені қорлаған.

Бұл дерекке қатысты Алматының Полиция департаменті пікір білдірді.

Қазір әншіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы мен 80-1 бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік өндіріс материалдары жиналған. Шешім қабылдау үшін материал сотқа жіберілді.

Фото ашық дереккөзден алынды.