Жастардың бір көрініс үшін бұлай еңіреп жылауы бас шайқатты
Екі күннен бері діншіл қауым көздерінің жасын тия алмаған видеоларын жариялап жатыр деп жазады Democrat.kz.
VR арқылы, яғни виртуалды шындық көзілдірігімен Мұхаммед пайғамбардың өмірі мен тұрған үйін көрген мұсылман қыз-жігіттердің көңіл күйі мен көздерінен аққан жасын тілмен жеткізіп айту мүмкін емес.
Видеода өрімдей жас қыз-жігіттердің VR көзілдірігі арқылы пайғамбардың өмір тарихын көргеннен кейін солқылдай жылауы, «тілмен айтып жеткізу қиын», «керемет!» деп толқыған үндері олардың Мұхаммед пайғамбарды қаншалықты ардақтайтынын көрсетсе керек.
Әлемде 9-шы орынға иеленген иен байтақ даламызды қанын төгіп, қорғап, ұрпағына аманаттаған қаншама батырларымыз бар. Аңыз ба, ертегі ме деген күмән тудырмайтын сол батырларымыздың жасаған ерліктерін дәлелдейтін мөрі басылған құжаттар бар.
Алайда сен үшін сондай ерен еңбек етіп, жанын пида еткен өзіңнің батырларың үшін тебіреніп, толқып, көзге жас алмаған соң, бәрі бекер емес пе?!
Әлде әрісі — Райымбек, Қабанбай, Қарасай, Бөгенбай, берісі — Бауыржан Момышұлы, Қайрат Рысқұлбеков сынды ардақтыларымыздың өмірі, ерлігі Мұхаммедтің 5-6 ғасырдағы өміріндей құны болмағаны ма?
Мына жастрдың әрекетіне қарап, осындай сұраққа жауап таба алмадық. Бұған сіз не дейсіз, құрметті оқырман?
Дайындаған — Мәриям КЕНЕСАРЫ.
Фото видеодан скринделіп алынды.