«Жүрегім қан жылап тұр» дейді спортшы
Отандық жекпе-жек шебері Ернат Түгелбеков анасының ұзақ жылғы сырқаттан көз жұмғанын айтып, көпшіліктің жүрегін елжіретті. Файтер суық хабарды жекпе-жекке шықпай тұрып естіген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Балқаш жолбарысы” деген лақап атпен жекпе-жекке шығып жүрген қазақстандық файтер Ернат Түгелбеков кезекті айқасын жеңіспен аяқтады. Алайда ол бұл жаңалығын анасына сүйіншілей алмады.
“Осыдан 3 сағат бұрын суық хабар келді. Таңертең анашым Раббысына қайтыпты, жаны жәннатта болсын! Бүгін шыққым келмеген еді, бірақ шықтым. Ақша керек дегендей… Анашым 7 жыл қатерлі ісікпен күресті.
Анашым, сіз осы аурудан жазылып шықсаңыз, Меккеге, Дубайға апарамын ба деген ой болған. 7 жыл көрген қиыншылығыңызды ақтаймын деп қыдыртамын ба дегем. Анам қатты ауырды”, – дейді файтер көз жасына ерік беріп.
Ернат өз жеңісін анасына арнады.
Отандық спортшының сөздері желі қолданушыларын бей-жай қалдырмады. Көпшілік файтерге көңіл айтып, қолдау білдірді.
“Иманы жолдас болсын”, “Жүрегім қан жылап тұр”, “Алла сабыр берсін”, “Бекем бол”, “Арты қайырлы болсын! Мен де анамды Мекке апарып үлгермеймін бе деп қорқамын”, – деп жазды желідегілер.
Фото интернеттен алынды.
@anelitime1 Иманды болсын #мам #номад #мма #рек #nomadfighting #rip #foryou #tiktok #fight
♬ Einaudi: Experience — Ludovico Einaudi & Daniel Hope & I Virtuosi Italiani